Сіздерді жаңару мен берекенің бастауы — Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Қазалы ауданында өтетін тағылымы мол мерекелік іс-шаралардың қадірлі қонағы болуға шақырамыз.
«Қош келдің Әз-Наурыз» атты мерекелік шара 21 наурыз күні сағат 10:00-де Әйтеке би кентіндегі Орталық алаңда өтеді.
Мерекеге орай ұйымдастырылып жатқан шара барысында Орталық алаң мен Қ.Пірімов көшесінің бойына киіз үйлер тігіліп, қазақтың салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіліп, ұлттық ойын түрлерінен спорттық сайыстар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, мереке аясында Жанқожа батыр ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 300 орындық мектеп пайдалануға беріліп, Ақтан батыр ауылы көгілдір отынға қосылады.
Келіңіздер! Көріңіздер!
Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шараларды бірге тамашалайық!