Сексеуіл – қасиетті ағаш. Ілгеріде ата – бабаларымыз сексеуілдің бірер бұтағын немесе томарын үйдің үстіне шығарып қоятын болған.. Үлкендердің сөзіне қарағанда бұл ырым «Жамандықтан сақтайды, найзағай ұрмайды» деген сенімдікті беретін көрінеді.
Алайда шөл даланың көркіне айналған, елді мекендерді құм көшкінінен қорғайтын сексеуілге жанашырлық адамдар санасынан кемшілік көруде. Қазақстанда үшеуi өседi: ақ сексеуiл, қара сексеуiл және Зайсан сексеуiлi.
Қара сексеуіл ылғалы жеткілікті ортада да, жер асты суы немесе одан да көп тереңдікте орналасса да өсе береді. Ол ақ сексеуілге қарағанда жуандау әрi iрi келедi. Оның өсу биiктiгi көбiне 7 метрге дейiн жетедi. Ал тамыры 11 метрден аса тереңдiкке кетедi. Бұлар шоғырланып өседi. Алыстан қарасаң қалың орман тәрiздi. Қара сексеуiлдiң жас, әрi жұмсақ бұтақтарын, жапырақтарын түйелер мен ұсақ малдар жейдi. Оның үстiне сексеуiлдi аймақтар мал жайылымына қажеттi шөптердiң өсуiне де пайдасын көп тигiзедi.
Сексеуілдің барлық түрі бір-бірінен өзінің белгісі бойынша ажыратылады. Атап айтсақ, қара сексеуілдің діңі қисық болып келеді, кейде айқын көрінген бірнеше діңі бар бұта пішіндес болады. Қабығы сұр түсті, жылтыр, бір жылдық өркендері сулы, қою-жасыл түсті, дәмі қышқыл-тұзды, күзде олар қызғылт-сұр түске енеді. Алыстан көз салғанда, сексеуіл қара-сұр түсті боп көрінеді, бұл түрдің қара сексеуіл атануы да сондықтан болар.
Сексеуілдің қоршаған ортаға тигізетін пайдасы:

  1. Құмды шөлдің қорғаны болып табылады. Олай дейтініміз құмды бекітіп ұстап тұрады
  2. Сексеуілдің жас өскіндері түйеге, қойға жақсы азық. Оның себебі жас бұтақ жапырақтың қызметін атқаратын болғандықтан құрамында малға қажетті барлық органикалық заттар болады. Және көп суы бар. Бұл малға бір жағынан азық болса,, екіншіден сусын.
  3. Сексеуіл шөлдің тірі қазба байлығы болып табылады. Оның себебі отқа жаққандағы қызуы жағынан нағыз қазба байлық тас көмірден кем түспейді . Сондықтан да Қазақстан мен Орта Азия халықтары сексеуілді мақтанышпен жасыл көмір деп те атайды Сексеуіл ағашынан сапалы көмір дайындайды
  4. Сексеуіл күлінен сақар ( тыңайтқыш) өндіріледі
    Табиғатты қорғау – барлық адамзаттың ең маңызды әрі қажетті міндеттерінің бірі. Әрбір адам айналасындағы өлі және тірі табиғаттың керемет те мәңгілік сұлулығын өзі үшін, келешек ұрпақ үшін қорғауға міндетті. Өйткені адамзаттың табиғатсыз күні жоқ. Еліміздегі жалпы орман қорының 50%-дан астамын сексеуіл ағаштары құрайды. Сексеуіл – құмды шөлдің қорғаны, ол құмды бекітіп ұстап тұрады.

Сексеуіл — табиғат қорғаны. Оны қорғау — біздің міндетіміз.
Жанар Садық , « Республикалық орман селекциялықтұқым өсіру орталығы»
РМҚК Оңтүстік-Батыс аймақ филиалының зертханашысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *