28 қыркүйек күні Қазалыда аудан әкімінің сайлауы өтеді. Маңызды саяси науқанда 48 мыңға жуық сайлаушы дауыс беруге құқылы.
Ауданда 40 учаске жұмыс жасап, 266 комиссия мүшесі қызмет атқарады.
Сайлаушылар үшін арнайы 2 call орталық жұмысын бастады.
Қазалылық тұрғындар 8(72438) 79-2-80 нөмірін (ішкі нөмірлер 3232 және 3227) теру арқылы аудан әкімінің сайлауына қатысты сұрақтарға жауап ала алады.
Сонымен қатар 109 бірыңғай байланыс желісіне қоңырау шалып, диспетчерлерге сауалдар жолдауға мүмкіндігі бар.
Сall орталық мамандары дауыс беруге ниетті азаматтарға учаскелердің мекен-жайы, комиссия құрамы және сайлауға қатысты ақпараттарды жеткізеді.
Еске салайық, Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 27 қыркүйек – тыныштық күні, 28 қыркүйек – дауыс беру күні.

8027d524-dc89-43cd-b30f-395fc26f9f42
f3aa2099-a514-4a02-8b93-f064cc9114af
bf5e8994-9142-4f06-af0e-396d460fe1e9
6e3fec86-6e1b-4f0e-b7db-e7461ee531c2

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *