Жыл сайын супермаркеттер мен сауда орталықтарына сұраныс артып келеді. Алайда жайлылықпен қатар даулы жағдайлар туындайтыны жасырын емес. Мысалы, қауіпсіздік қызметкерлері сөмкеңізді арнайы ұяшыққа қалдыруды талап етеді немесе сөмкені ашып көрсетуді сұрайды. Мұндай әрекеттердің қаншалықты заңды екенін түсіндіреміз.

Біріншіден, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (24-бап) азаматтың тауарлар мен қызметтерге еркін және қауіпсіз қол жеткізу құқығын бекітеді. Бұл сатып алушы сауда залына жеке заттарымен, яғни сөмкемен, рюкзакпен еркін кіре алатынын білдіреді. Заңның ешқандай нормасы оларды сақтау камерасына тапсыруға міндеттемейді. Егер күзетші сізге мұны ұсынса, өз еркіңізбен келіскен жағдайда ғана заң шеңберінде әрекет етеді. Мұндай жағдай ҚР Азаматтық кодексінің 39-тарауында, «Сақтау шартымен» реттеледі. Ал 380-бапқа сәйкес кез келген шарт өзара келісім бойынша жасалады.

Көбіне шығарда күзетші сөмкені ашып көрсетуді сұрайды. Алайда бұл талап емес, сыпайы өтініш қана және сіз бас тартуға толық құқығыңыз бар. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (ҚР ӘҚБтК) сәйкес, 16-бапта жеке тексеру және заттарды тексеру тек әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайларда ғана, тек уәкілетті органдар, яғни полиция қызметкерлері тарапынан жүзеге асырылуы мүмкін.. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар бейнежазбаға түсіріліп, міндетті түрде хаттама толтырылуы керек(ҚР ӘҚБтК 791-бабын қараңыз). Күзетші сізді ұстап алуға да, тексеруге де құқылы емес. Күзетші полицияға қоңырау шалып, оның келуін күтуі керек.

Күзетшілердің өкілеттіктері «Күзет қызметі туралы» ҚР Заңымен қатаң реттелген. 1, 3 және 4-баптарға сәйкес, күзетшілер қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және мүлікті қорғайды, бірақ бұл ретте азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға құқығы жоқ. Бұл олардың жеке тексеру жүргізуге, тінтуге, заңды негізсіз күш қолдануға немесе қозғалыс еркіндігін шектеуге құқығы жоқ екенін білдіреді. Күзет қызметкерінің өкілеттігін асыра пайдалану ҚР Қылмыстық кодексінің 252-бабы («Жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің өкілеттігін асыра пайдалану») бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкелуі мүмкін.

Егер сіздің құқықтарыңыз бұзылған болса, сабырлы әрі сауатты әрекет етіңіз. Заңсыз талаптардан сыпайы түрде бас тартыңыз, полиция шақыруды ұсыныңыз. Не болып жатқанын бейнежазбаға түсіріп алыңыз немесе куәгерлерді тарту арқылы тіркеңіз, содан кейін супермаркет әкімшілігіне шағым түсіріңіз немесе жергілікті полиция бөліміне жүгініңіз.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойнша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті

ЧТО НУЖНО ЗНАТЬ О СВОИХ ПРАВАХ В СУПЕРМАРКЕТЕ?

С каждым годом супермаркеты и торговые центры становятся привычным пространством для покупок, но вместе с удобством возникают и спорные ситуации: охрана требует оставить сумку в ячейке хранения или просит показать её содержимое на выходе. Разберёмся, насколько такие действия правомерны и что говорит закон.

Во-первых, Закон Республики Казахстан «О защите прав потребителей» (статья 24) закрепляет право гражданина на свободный и безопасный доступ к товарам и услугам. Это означает, что покупатель может свободно заходить в торговый зал с личными вещами: сумкой, рюкзаком или пакетом. Никакая норма закона не обязывает сдавать их в камеру хранения. Если охранник предлагает вам это сделать, он действует в рамках закона только в том случае, если вы добровольно согласны. Такая ситуация регулируется Гражданским кодексом РК, глава 39, «Договор хранения». Согласно статье 380, любой договор заключается по обоюдному согласию. То есть, принудительно заставить вас сдавать вещи нельзя.

Часто на выходе охрана просит показать содержимое сумки. Однако это не требование, а вежливая просьба, и вы имеете полное право отказать. Согласно Кодексу об административных правонарушениях РК (КоАП РК), статья 16 гласит, что личный досмотр и досмотр вещей возможны только в случаях совершения административного правонарушения, и только уполномоченными органами, то есть сотрудниками полиции, а не охраной магазина. Причём, такие действия должны проводиться в присутствии под видеозапись, и обязательно с составлением протокола (см. ст. 791 КоАП РК). Охранник не имеет права ни задерживать вас, ни устраивать досмотр, даже если вы просто взяли товар с полки. Охранник должен вызвать полицию и дождаться её приезда.

Полномочия охранников строго регламентированы Законом РК «Об охранной деятельности». Согласно статьям 1, 3 и 4, охранники обеспечивают безопасность и охраняют имущество, но при этом не вправе нарушать права и свободы граждан. Это значит, что они не имеют права проводить личный досмотр, обыск, применять силу без законных оснований или ограничивать свободу передвижения. Превышение полномочий охраной может повлечь уголовную ответственность по статье 252 Уголовного кодекса РК («Превышение полномочий работников частной охранной организации»).

Если ваши права всё же нарушены действуйте спокойно и грамотно. Вежливо откажитесь от незаконных требований, предложите вызвать полицию. Зафиксируйте происходящее (на видео или с помощью свидетелей), а затем подайте жалобу в администрацию супермаркета или обратитесь в местный отдел полиции.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *