Күнделікті өмірде әрқайсымыз өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға немесе тапсырыс беруге ниетті тұтынушы – жеке тұлға болып табыламыз.

 «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 4 мамырдағы №274 Заңы (әрі қарай — Заң) тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сондай – ақ тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы туарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды.

Тұтынушы қандай құқықтарға ие?

Заңның 7-бабында тұтынушылардың құқықтары көрсетілген.

Тұтынушылардың:

1) тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) иеленуге еркін шарт жасасуға;

2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ағартуға және тұтынушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде құқықтық сауаттылығын арттыруға;

3) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға;

4) қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға;

5) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауға;

6) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына;

7) тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;

8) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге;

9) сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты алуға;

10) ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы бойынша ойындардың бастамашысына (ұйымдастырушысына) кінә қоюға;

11) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға;

12) моральдық зиянды өтетуге;

13) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға;

14) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Қызылорда облысы, Қызылорда қ., И.Журба көшесі №12 ғимарат, 3-қабат, жедел желі телефоны: 8(7242)71-15-30. Инстаграмм: dzppkyzylorda Фейсбук: ДзппКызылорда  

ПРАВА ПОТРЕБИТЕЛЯ

В повседневной жизни каждый из нас является физическим лицом – потребителем, желающим приобрести или заказать товар (работу, услугу) для удовлетворения своих потребностей.

Закон Республики Казахстан от 4 мая 2010 года №274» О защите прав потребителей » (далее — Закон) определяет правовые, экономические и социальные основы защиты прав потребителей, а также меры по обеспечению потребителей безопасными и качественными товарами (работами, услугами).

Какие права имеет потребитель?

В статье 7 закона указаны права потребителей.

Потребители имеют право на:

1) свободное заключение договоров на приобретение товаров (выполнение работ и оказание услуг);

2) просвещение в сфере защиты прав потребителей и повышение правовой грамотности потребителя в вопросах защиты своих прав и законных интересов;

3) получение информации о товаре (работе, услуге), а также о продавце (изготовителе, исполнителе);

4) приобретение безопасного товара (работы, услуги);

5) свободный выбор товара (работы, услуги);

6) надлежащее качество товара (работы, услуги);

7) обмен или возврат товара как надлежащего, так и ненадлежащего качества;

8) возмещение в полном объеме убытков (вреда), причиненных их жизни, здоровью и (или) имуществу вследствие недостатков товара (работы, услуги);

9) получение у продавца (изготовителя, исполнителя) документа, подтверждающего факт приобретения товара (выполнения работы, оказания услуги), или договора, заключенного при приобретении товара (выполнении работы, оказании услуги);

10) предъявление претензии к инициатору (организатору) игр по качеству товара (работы, услуги), переданного (выполненного, оказанного) в виде выигрыша;

11) создание общественных объединений потребителей;

12) возмещение морального вреда;

13) защиту прав и законных интересов;

14) осуществление иных прав, предусмотренных настоящим Законом и иными законами Республики Казахстан.

Отстаивайте свои права и будьте грамотным потребителем!Департамент торговли и защиты прав потребителей по Кызылординской области Министерства торговли и интеграции РК, Кызылординская область, г. Кызылорда, улица И.Журбы, здание №12, 3 этаж, телефон горячей линии 71-15-30. Инстаграмм: dzppkyzylorda, Фейсбук: ДзппКызылорда 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *