2025 жылғы 28 қыркүйекте өтетін Қазалы ауданы әкімін сайлау бойынша 2 қыркүйекте сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап сайлау алдындағы үгіт 2 қыркүйекте сағат 18.00-де басталып, 27 қыркүйекте сағат 00.00-де аяқталады.
Қазалы ауданының әкіміне кандидат ретінде тіркелді:
- Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы, 1982 жылы туған. «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы. Қызылорда қаласы, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
- Жанабаев Ғабит Жұмабекұлы, 1981 жылы туған. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы. Қызылорда қаласы. Өзін-өзі ұсынған.
- Ізмағамбетов Бауыржан Нұрланұлы, 1991 жылы туған. Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары. Қызылорда қаласы. Өзін-өзі ұсынған.
- Қазбекова Мира Жомартқызы, 1984 жылы туған. Қызылорда облысының дін істері басқармасының басшысы. Қызылорда қаласы. Өзін-өзі ұсынған.
5.Қойшыбаев Шахмардан Сұлтанбекұлы, 1974 жылы туған. Қызылорда облысының ветеринария басқармасының басшысы. Қызылорда қаласы. Өзін-өзі ұсынған.
Енді кандидаттар үшін үгіт кезеңі басталды. Әрбір кандидатқа үгіт жүргізуге шығыстар мөлшері бекітілді.


