ОСК басшысы Қазалы ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесті. Басқосуда ағымдағы науқанға дайындық, сайлау учаскелерін жарақтандыру, сайлау науқаны туралы сайлаушыларды ақпараттандыру және сайлау процесін ұйымдастырудың мәселелері қаралды.

ОСК Төрағасы мүгедектігі бар сайлаушыларға қолжетімді жағдай жасау, дауыс берудің құпиялығын сақтау бағытында жүзеге асыратын шараларға мән берді.

Айта кетейік, Қазалы ауданы әкімінің сайлауы 28 қыркүйекте өтеді. Онда 40 учаске жұмыс істеп, 266 комиссия мүшесі қызмет атқарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *