Құрылтай сайлауы қарсаңында тұрғындардың дауыс беру үдерісіне қолайлы қатысуы үшін жаңа онлайн сервис іске қосылды. Облыстық және аумақтық сайлау комиссиясы жергілікті әкімдіктермен бірлесіп әзірлеген «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» платформасы азаматтарға өздерінің қай сайлау учаскесінде дауыс беретінін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.

Сервистің негізгі платформасы – saylau.orda.gov.kz сайты. Мұнда әрбір сайлаушы жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу арқылы тіркелген мекенжайы бойынша дауыс беру учаскесін оңай таба алады. Жүйе автоматты түрде сайлау учаскесінің нөмірін, мекен-жайын, байланыс телефонын және комиссия құрамы туралы мәліметті ұсынады.

Сонымен қатар, платформада сайлау учаскесіне дейінгі карта көрсетіліп, тұрғындар жасанды интеллект негізіндегі көмекші арқылы өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады.

Бұл қызмет Telegram-бот арқылы да қолжетімді. Сондай-ақ барлық сервисті Smart Qyzylorda мобильді қосымшасын жүктеп алу арқылы пайдалануға болады.

Жаңа цифрлық мүмкіндіктер сайлаушылардың уақытын үнемдеп, сайлау күні дауыс беру учаскесін оңай табуына және өз сайлау құқығын тиімді жүзеге асыруына жағдай жасайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *