Сайлау күні мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беру учаскесіне кедергісіз жетуіне жағдай жасау мақсатында инватакси қызметі жұмыс істейді. Бұл қызмет тірек-қимыл аппараты бұзылған және өздігінен жүріп-тұруы қиын азаматтарға арналған.
Инватакси қызметін пайдалану үшін сайлаушылар алдын ала тапсырыс бере алады. Өтінімдер жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері немесе инватакси қызметін көрсететін ұйымдар арқылы қабылданады.
Қызметті пайдалану кезінде азаматтың жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет. Көлік азаматты тұрғылықты мекенжайынан алып, тиісті сайлау учаскесіне жеткізеді. Дауыс беру рәсімі аяқталған соң тұрғынды қайтадан үйіне жеткізу мүмкіндігі де қарастырылған.
Инватакси қызметі – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың конституциялық құқығын толыққанды жүзеге асыруына бағытталған маңызды әлеуметтік қолдау шараларының бірі.
Әрбір азаматтың сайлауға қатысуына тең мүмкіндік жасау – әділ әрі қолжетімді сайлау үдерісінің маңызды қағидаттарының бірі.