Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен қатар пайдаланушылардың саны күннен күнге артып келеді. Ал осымен қоса пайдаланушылардың ғаламтор арқылы ала алатын қызметтері де дамып келеді. Ал ғаламтордағы қызмет түрлерінің ең танымалы бұл интернет – дүкендер арқылы сатылымдар, онда барлығы да бар: аяқ киім, азық – түлік, автокөліктер, үйлер, косметика, ыдыс……
Интернет – дүкендер неліктен осыншама танылған? Себебі онда сатып алу оңай. Интернет – дүкен – өзінің мәні бойынша бұл тауарлардың электронды катологы. Бүкіл тауарлар сипатталған, толық мінездемелерімен қамтамасыз етілген, түрлі ракустерден жасалған фотосуреттері бар, бағасы көрсетілген. Интернет – дүкенде сізге қажет затты өзіңіз іздейсіз, тапсырысты рәсімдейсіз және курьер немесе пошта арқылы жеткізілген тауарды аласыз. Жеткізудің түрін де өз бетіңізбен таңдай аласыз.
Интернет – дүкеннің кәдімгі дүкендермен салыстырғандағы зор артықшылығы – бағасы мен қажет мінездемесі бойынша сай тауарды табу жеңіл. Ештеңені де жазып алудың немесе есте сақтаудың қажеттілігі жоқ, тек тауарды таңдау мәзірінде бағалар диапазоны мен қажет сипаттамаларын енгізіп, іздегеннің тізімін аласыз. Таңдауыңызды жасау ғана қалады. Одан бөлек сіз кассада кезекте тұрмайсыз, сатылымды рәсімдеуді күтпейсіз, сіз өзіңіз тапсырыңызды оп-оңай рәсімдейсіз.
Электронды сауда өзінің қызмет аясын кеңейтіп келетініне қарамастан, электронды сатып алуларды қауіпсінетін сатып алушылар бар. Бірақ электронды дүкендер өзінің мәні бойынша кәдімгі дүкен сияқты. Ресми түрде жұмыс істейді, салықтар төлейді, өздерінің кассалық аппараты, мөрі бар және сол сияқты. Тек қызмет көрсету формасы басқа – онлайн, деп түсіндіреді Никита. – Үлкен әбестіктердің бірі – егер сайтта сатып алынған тауар сізге ұнамаса, оны қайтару өте қиын. Шын мәнінде оңай, тек барлық ережелерді сақтау керек. Біріншіден, біздің елімізде интернет – сатып алулар келесі заңнамалық актілермен реттелетінін білу қажет:
Тапсырыс интернет – дүкеннің сайтында құрылады. Яғни осы тапсырыс сатып алу — сату келісімі болып табылады. Онда сатып алынатын тауардың барлық мінездемесі, оның бағасы, қызмет мерзімі мен жарамдылық мерзімі, кепілдік мерзімі, төлеу әдісі мен жеткізудің түрі көрсетіледі. Тауар пошта немесе курьерлік қызмет арқылы сатып алушыға жеткізілгенде онымен бірге жазбаша түрде тауар арқылы ақпарат жеткізіледі. Егер тауар әлі жеткізілмесе, сатып алушы одан кез келген уақытта бас тарта алады.
Тауарды айырбастау және қайтарып алу тауар пайдаланылмаған болып, оның тауарлық өңі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, фабрикалық затбелгісі, сатып алушыға тауармен қоса берілген тауарлық немесе кассалық чегі сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Егер сізде бұл құжаттар болмаса, сатып алу фактісін басқаша дәлелдей аласыз. Сондықтан сатып алғаннан кейін шот-фактура, орамасын (егер сіз тауарды қайтаратын болсаңыз, ол міндетті түрде керек болады), төлем чектерін лақтырмаңыз. Интернет – дүкен сайтындағы тауарды сату және қайтару ережелері бар беттің және сатып алу көрсетілген сіздің жеке кабинетіңіздің скриншотын жасауға да болады. Егер сіз сотқа дейін жеткен жағдайда бұл көмек беруі мүмкін.
Қайтаруға болмайтын тауар түрлері де бар, әрине, егер ол сапалы болып, өзінің мінездемесіне толық сәйкес болса. Бұл сіз үшін ғана жасалған, сіз ғана пайдалана алатын ерекше тауар, мысалы тапсырыспен тігілген киімдер.
Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Қызылорда облысы, Қызылорда қ., И.Журба көшесі №12 ғимарат, 3-қабат, жедел желі телефоны: 8(7242)71-15-30, 71- 15-69. Инстаграмм: dzppkyzylorda Фейсбук: ДзппКызылорда
ВИРТУАЛЬНАЯ ПОКУПКА
Интернет потихоньку завоевывает мировые просторы. Пользователей интернета с каждым днем становится все больше и больше. А с развитием интернет-технологий развиваются и услуги, которые пользователи могут получить с помощью интернета. А самая популярная интернет-услуга-это, пожалуй, продажи через виртуальные магазины, в которых есть все: обувь, одежда, продукты, машины, дома, косметика, посуда, белье….
- Почему же они такие популярные, интернет-магазины? Да потому, что покупать в них удобно. Ведь по своей сути интернет-магазин-это электронный каталог товаров. Все товары описаны, снабжены полными характеристиками, имеются фотографии в разных ракурсах, указана цена. В интернет-магазине вы сами ищите то, что вам нужно, оформляете заказ и получаете выбранный товар, который доставляется курьером или почтой. Способ доставки вы можете выбрать самостоятельно.
Огромное преимущество интернет – магазина пред обычным является также то, что проще найти подходящий по цене и харектеристикам товар. Не нужно ничего записывать или запоминать, просто задаете диапазон цен и нужные харектеристики в поиске товара и вы получите список того, что ищите. Остается только сделать выбор. Кроме того, вы не стоите в очереди в кассу, и не ждете, пока оформят вашу покупку, вы сами легко оформляете заказ.
Не смотря на то, что электронная коммерция расширяет зоны своего действия, есть покупатели, которые опасаются электронных покупок. Но ведь по своей сути электронные магазины тоже самое, что и обычные. Работает они официально, платят налоги, имеют кассовые аппараты, собственные печати и тому подобное. Только формо обслуживания у них другая — онлайн. И уж самое большое заблуждение, что очень трудно вернуть купленный на сайте товар, если он вам не подошел.
На самом деле все просто, надо только точно соблюдать все правила.
Заказ формируется на сайте интернет – магазина. То есть этот заказ и является договором купли – продажи. Там указаны все характеристики приобретаемого товара, его стоимость, срок службы и годности товара, а также его гарантийный срок, форма оплаты и вид доставки. Когда товар покупателю доставлен – почтой или курьерской службой, вместе с ним доставляется и информация о нем, в письменной форме. Если товар еще не доставлен, покупатель может от него отказаться от него любой момент.
Обмен и возврат товара производится, если этот товар не был в употреблении, сохранены его товарный вид, потребительские свойства, пломбы, фабричные ярлыки, товарный или кассовый чеки, выданные потребителю вместе с проданным товаром.
Если у вас нет такого документа, вы можете доказать факт покупки как – нибудь по – другому. Поэтому после покупки не выбрасывайте счет – фактуру, упаковку, она обязательно нужна, если вы будете возвращать товар и платежные чеки.
Можно также сделать скриншот страницы интернет – магазина, на которой есть правила продажи и возврата товара, а также ваш личный кабинет с покупкой. Если вдруг дойдет до суда, то это может помочь.
Есть вид товара, от которого отказаться нельзя, конечно, если он качественный и полностью соответствует своим характеристикам. Это особый товар, сделанный только для вас, который не может использовать никто другой, например, вещи, сшитые на заказ.
Отстаивайте свои права и будьте грамотным потребителем!
Департамент торговли и защиты прав потребителей по Кызылординской области Министерства торговли и интеграции РК, Кызылординская область, г. Кызылорда, улица И.Журбы, здание №12, 3 этаж, телефон горячей линии 71-15-30, 71- 15-69. Инстаграмм: dzppkyzylorda, Фейсбук: ДзппКызылорда