Алда еліміз үшін маңызды саяси науқан – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. 2026 жылғы 23 тамызда өтетін сайлауда әр азаматтың өз дауысын беруі үшін қай сайлау учаскесіне баратынын алдын ала білгені маңызды.
Осы мақсатта сайлаушыларға ыңғайлы бірнеше онлайн сервис іске қосылды. Енді тұрғындар үйден шықпай-ақ, дауыс беретін сайлау учаскесінің нөмірі мен нақты орналасқан мекенжайын анықтай алады.
Ол үшін арнайы сервистердің біріне кіріп, өз өңірін таңдап, ЖСН-ін енгізу жеткілікті. Жүйе нәтижесінде азаматқа тіркелген сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайы көрсетіледі.
Сайлау учаскесін мына сервистер арқылы анықтауға болады:
GOV.KZ:
«gov.kz» (https://reference-url-citation.invalid/0)
Sailau.gov.kz:
«sailau.gov.kz» (https://reference-url-citation.invalid/1)
Sailau2026.gov.kz:
«sailau2026.gov.kz» (https://reference-url-citation.invalid/2)
Бұдан бөлек, сайлау учаскесін іздеу қызметі eGov Mobile мобильді қосымшасының «Танымал қызметтер» бөлімінде де қолжетімді.
Мамандар азаматтарға сайлау күніне дейін өз сайлау учаскесін алдын ала анықтап алуға кеңес береді. Бұл дауыс беру күні қажетті мекенжайды іздеп уақыт жоғалтпай, сайлау учаскесіне дер кезінде баруға мүмкіндік береді.
Еліміздің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын күні әр азаматтың өз таңдауын жасауына мүмкіндік бар. Сондықтан сайлау учаскеңізді қазірден біліп, 23 тамыздағы дауыс беруге дайын болыңыз!