23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы – ел өміріндегі маңызды саяси науқанның бірі. Бұл күні әр азамат өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, елдің ертеңіне қатысты таңдауын жасауға мүмкіндік алады.

Сайлау –әрбір азаматтың қоғамның дамуына қосатын үлесі, өз болашағына деген жауапкершілігі. Сондықтан сайлауға немқұрайлы қарамай, өз таңдауыңызды жасау – баршамызға ортақ міндет.

Елдің болашағы халықтың белсенділігіне байланысты. Қай салада қандай өзгеріс қажет екенін, елдің дамуына кімнің үлес қоса алатынын халықтан артық ешкім білмейді. Осы тұрғыдан алғанда, Құрылтай сайлауына қатысу – өз пікіріңді білдірудің және азаматтық белсенділікті танытудың нақты жолы.

23 тамыз күні сайлау учаскесіне барып, өз таңдауыңызды жасаңыз! Үміткерлердің бағдарламасымен танысып, олардың ел мен қоғам алдындағы ұстанымына назар аударып, саналы әрі жауапты шешім қабылдаған жөн.

23 тамыз – таңдауыңды жаса!

Сайлауға қатыс – ел болашағына үлес қос!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *