Ел өміріндегі маңызды саяси науқанның бірі – 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы. Бұл – әр азаматтың өз таңдауын білдіріп, елдің ертеңіне қатысты азаматтық ұстанымын танытатын маңызды күн.
Құрылтай – халықтың мұң-мұқтажын, талап-тілегін жеткізетін өкілдік алаң. Сондықтан сайлауға қатысу – жай ғана дауыс беру емес, елдің болашағына жауапкершілікпен қараудың белгісі. Әрбір берілген дауыс қоғамның дамуына, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына және халықтың әл-ауқатына әсер ететін шешімдерге өз үлесін қоса алады.
Бүгінгі таңда елге білімді, білікті, елдік мүддені жоғары қоятын, халықпен етене жұмыс істейтін азаматтар қажет. Сайлаушы әр үміткердің бағдарламасына, ұстанымына, атқарған ісіне назар аударып, өз таңдауын саналы түрде жасағаны жөн.
23 тамызда сайлау учаскесіне барып, өз таңдауыңызды жасаңыз! Азаматтық белсенділік – ел болашағына деген жауапкершіліктен басталады. Өз дауысыңыз арқылы елдің ертеңіне бейжай қарамайтыныңызды көрсетіңіз.
Бірлігіміз бекем, таңдауымыз саналы болсын!
23 тамыз – ел болашағы үшін маңызды күн. Сайлауға қатысайық!